Country and language
Flag of Peru with three vertical stripes: red on the left and right, and white in the center.
Peru
The flag of Mexico with three vertical stripes in green, white, and red, featuring a central emblem of an eagle perched on a cactus holding a snake.
Mexico
Flag of Colombia with three horizontal stripes: yellow on top occupying half the flag's height, blue in the middle, and red at the bottom.
Colombia
Kazakhstan flag with a teal background featuring a vertical gold ornamental pattern on the left, and a gold sun with 32 rays above a soaring golden steppe eagle in the center.
Kazakhstan
Spanish
Kazakh
Russian
Өтінім беру

Қош келдіңіз!
Сіз іске кірістіңіз! Әрі қарай не?

Егер жүргізуші куәлігі бар және өтілі 1 жылдан асса:

01

Бейнесабақтардан бастаңыз

Платформа материалдарына лезде қол жеткізу
Жол қауіпсіздігі туралы бейнелерді өз қарқыныңызда қараңыз

02

Бағдарламаға өтінім беріңіз

Қысқа сауалнаманы толтырыңыз — өзіңіз және жүргізу тәжірибеңіз туралы айтыңыз, жақын арада хабарласамыз

03

Офлайн курстарды өтіңіз

-  Қауіпсіз жүргізу
-  Табысты, шығысты жоспарлау және салық төлеу
-  Автокөлікке негізгі күтім және жол жағдайлары
-  Жеке қауіпсіздік практикумы

04

inDrive-қа қосылыңыз

Платформаға қосылыңыз
Құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, тапсырыстар қабылдауды бастауға жәрдем береміз

05

Автомобиль таңдаңыз

Тексерілген серіктестерден жалға алу немесе сатып алу нұсқаларын табуға көмектесеміз

06

Әрекет етіңіз және дамыңыз

Сұрақтарыңыз бар ма?

B трегі — Жолаушылар тасымалы

B трегі кімге арналған?

Жүргізуші куәлігі бар және жүргізу тәжірибесі 1 жылдан асатын әйелдерге арналған.

Жолаушылар тасымалы трегіне не кіреді?

  • Қаржылық сауаттылық бойынша дәріс: табысты басқару, салықтар, жоспарлау;
  • Практикалық өзін-өзі қорғау және қауіпсіздік бойынша тренинг;
  • Қауіпсіз жүргізу және руль артында сенімді болу туралы бейнедәрістер;
  • Автокөлікке базалық күтім курсы;
  • Практикалық жүргізу — тәжірибелі әйел-нұсқаушымен бірге 10 сағат;
  • inDrive қолданбасымен жұмыс істеуге оқыту: тапсырыстарды қалай қабылдау, бағыт құру және платформаны пайдалану;
  • inDrive платформасына жүргізуші ретінде қосылғаннан кейін платформаның тәжірибелі жүргізуші әйелдерімен 1 ай бойы қарқынды қолдау көрсету.

Жүргізу теориясын қайтадан оқу керек пе?

Жоқ — бұл тректе теориялық оқыту жоқ, өйткені қатысушыларда куәлік бұрыннан бар. Тек руль артында сенімділікті арттыру үшін практикалық жүргізу (тәжірибелі әйел-нұсқаушымен 10 сағат) көзделген, оған қоса қауіпсіздік, қаржылық сауаттылық және платформамен жұмыс жасау модульдері қосылады.

B трегі үшін неге дәл 1+ жыл тәжірибе қажет?

Бұл — Пассажирлерді тасымалдау бағытындағы жүргізушілерге кемінде бір жылдық жүргізу тәжірибесі болуы туралы inDrive Қауіпсіздік қызметінің талабы.

Тәлімгерлік (mentorship) неден тұрады?

Ride-Hailing платформасына қосылғаннан кейін қатысушы Whatsapp арқылы платформаның тәжірибелі жүргізуші әйелдерінен 1 ай бойы қарқынды 1:1 қолдау алады.

Жалпы сұрақтар

inDrive Qyz Joly-дың әйелдерге арналған бағдарламасы туралы

inDrive Qyz Joly (Women Behind the Wheel) — әйелдерге жүргізуді меңгеруге және оны тұрақты табыс пен қаржылық тәуелсіздік көзі ретінде пайдалануға көмектесетін халықаралық бағдарлама. Қазақстандағы пилот Астанада өтеді және 6 ай ішінде 100 қатысушыға (әр трекке 50-ден) есептелген.

Қатысу ақылы ма?

Жоқ, бағдарламаға қатысу тегін, ерікті және саналы түрде.

Тіркелу бағдарламаға қатысуға кепілдік бере ме?

Жоқ. Тіркелу — бұл тек өтінім беру. Қатысушы мәртебесі Ұйымдастырушының критерийлері бойынша іріктеуден кейін беріледі (тіркелу кезектілігі, деректердің толықтығы мен дұрыстығы, басым өмірлік жағдайлар, мотивация және өтінімнің сапасы).

Тректерге бөлу қалай жүреді?

Тіркелгеннен кейін кандидат қысқа диагностикадан өтеді (куәліктің болуы, жүргізу тәжірибесі, автокөлікке қолжетімділік, уақыт бойынша қолжетімділік). Куәлігі жоқ — А трегі (Жеткізу); қолданыстағы куәлігі және 1 жылдан асқан өтілі бар — В трегі (Жолаушылар тасымалы).

inDrive-пен еңбек қатынастары туындай ма?

Жоқ. inDrive — тәуелсіз орындаушыларды клиенттермен байланыстыратын платформа. Бағдарламаға қатысу және қосымша арқылы жұмыс істеу қатысушы мен inDrive арасында еңбек, әкімшілік немесе агенттік қатынастар туғызбайды.

Қатысушылардың дербес деректері қалай пайдаланылады?

Деректер ҚР-ның дербес деректерді қорғау туралы заңнамасына және Ұйымдастырушының Құпиялылық саясатына сәйкес өңделеді; жарнамалық/маркетингтік хабарламалар тек жеке айқын келісім болған жағдайда ғана жіберіледі.

Фото/бейне/пікірлерді пайдалануға келісім қажет пе?

Иә, қатысушының бейнесін, дауысын, атын немесе пікірін жарнамалық мақсатта пайдалану оның алдын ала берілген айқын келісімін талап етеді, оны кері қайтарып алуға болады (бұрын жарияланған материалдарға зардабы тимейді).

Куәлігім бар, бірақ куәлік алғаннан кейін жүргізбеген болсам, не істеймін?

Өкінішке орай, қазір біз қолайлы нұсқа ұсына алмаймыз: нөлден оқыту трегіне (А трегі) куәлігі бар кандидатты тіркеуге болмайды — Автомектеп ондайларды қабылдамайды; ал В трегі (қолданыстағы жүргізушілерге арналған) теориялық оқытуды қамтымайды — тек практикалық қана.

Курстардан өткеннен кейін міндетті «жұмыспен өтеу» бар ма?

Жоқ. Біз түлектерді inDrive платформасында жүргізуші немесе автокурьер ретінде тіркелуге міндеттемейміз — бұл шешім толығымен өзіңізге қалады. Бірақ біз әрқашан сізді бастапқы кезеңде қолдауға дайынбыз: ол үшін бізде жаңа кәсіпке жайлап кірісуге көмектесетін ыңғайлы пост-бағдарлама бар. Біз бағдарламамыз сіз үшін тұрақты табыс пен қаржылық тәуелсіздік көзін табуға маңызды қадам болады деп шын жүректен үміттенеміз.